Құлсары – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Құлсары» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2278
Орбитаға ұшырған,
Аспанымсың, Құлсары.
Ақ ниетiн ұсынған,
Достарымсың, Құлсары.
Менiң тәттi балдырған,
Жас шағымсың, Құлсары.
Кеудеме арман жандырған,
Аңсарымсың, Құлсары.
Небiр хат-сыр салынған,
Жәшiгiмсiң, Құлсары.
Жетсем-ау деп сағынған,
Ғашығымсың, Құлсары.
Ақыл берiп қайтарар,
Данамсың сен, Құлсары.
Көңiлiм балқып жай табар,
Анамсың сен, Құлсары.
О, Құлсары, Құлсары,
Жанның сәнi, жыр сәнi.
Би билеп жүр көшеңде,
Жастығымның нұр шағы.
Қасиетiң мол сенiң,
Жанға қуат, дәрi-бал.
Маған қажет нәрсенiң,
Сенде, сенде бәрi бар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құлсары өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Құлсары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құлсары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құлсары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері