Өзім туралы – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Өзім туралы» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ағайын, ай мен күннің аманында,
Дұшпанның қала алмадым табанында.
Әзірге ауыл-аймақ дән разы,
Ұшырған өз қолынан «Жаман ұлға».
Елімнің, біліп іштей, не күткенін,
Жақсыға еліктедім, желікпедім.
Ес білген, етек жиған шақтан бері
Ешкімнен өз басымды кемітпедім.
Мәнсабы жоғарысы, төмені де,
Көндірмек болды мені дегеніне;
Басымды тек еліме ием дедім,
Бірінің сүйенбедім көмегіне.
Өзгеден осы ғана даралығым,
Келешек айта жатар дәл анығын.
Туған ел, сен разы болсын деумен,
Келеді ғұмыр кешіп «Жаман ұлың».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзім туралы өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Өзім туралы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзім туралы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзім туралы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері