Ымырттағы диалог – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Ымырттағы диалог» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 665
— Бектұр-ау,
мына күн де бұзылайын деп тұр-ау,
— Бұзылайын деп тұр, білем, зәнталақ, —
деді Бекең,
көздері сәл қанталап.
— Бұршағы ма,
қар аралас жаңбыр ма,
Қарауытып...
— Қалай екен мал қырда?
— Қораны да бүтіндемей, үйді де...
— Е, жасаған! Соған да қол тиді ме.
— Келіп қалды-ау қысың да,
— Жә, қысылма.
— Жаз дегенің өте шықты-ау тегінде.
— Қарар деп пе ең көңілге.
— Қас-қағымда өте шыққан өмір-ай!
— Әзің қолда...
— Е, Құдай.
— Шалым-ай,
өтіп бара жатырмыз-ау... жарымай.
— Қоймады ғой айналдырып бір қырсық, —
деп Бекең де әлдекімге тұрды ұрсып.
— Бірақ, талай қызық та күн болыпты-ау!
— Е, құдайдан қорықпау...
— Бақыттың да құшағында балқыдық.
— Әй, оттамай! — деді сонда шал тұрып: —
— Шайынды қой,
Орнат ана мосыны,
Өмір депті бұрынғылар осыны!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ымырттағы диалог өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Ымырттағы диалог өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ымырттағы диалог өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ымырттағы диалог өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері