Ақыл айту – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ақыл айту» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1934
Сараң сөйле,
Сағыздай созба, жаным,
Опа бермес –
Іздеме сөз базарын.
Мимырт шақтың күні өткен мылжың тыңдар,
Сәулең болса, осыны сөз, қарағым.
Қолдан келмес шаруаны қозғамағын,
Дәл бір құрып қалғандай өзге амалың.
Өлең-қыздың соңынан өңмендеме,
Өзі аударсын ол саған көз назарын.
(Ғ. ЖАНДЫБАЕВ. Көкорай. 7-бет)
Қылшылдаған қырықта бозбаламын,
Қызғалдақтай қыздарға көз қададым.
Арулардың назарын аудармақ боп,
Араладым асықпай сөз базарын.
Таба алмадым татымды сөзді ажарлы,
«Ақыл айтты ақсақал, созбады әрі:
Бала екенсің таудай бір талабы бар,
Уақыттан жөн болар озбағаның.
Сөз өнері дертпен тең,
Сез, қарағым,
Сылдыр сөзді сағыздай созба, жаным.
Мезі қылар мылжыңды кім тыңдайды,
Қыз жүрегін қалайда қозға, жаным.
Дәл бір құрып қалмаса өзге амалың,
Қолдан келмес тірлікті қозғамағын
Өлең де бір қылықты қыз секілді,
Сезім керек бастысы, Сез, қарағым».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақыл айту өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ақыл айту өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақыл айту өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақыл айту өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері