Мамыр ай

Бұл бетте «Мамыр ай» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3445
Жанға жайлы жадырай,
Келді көктем мамыр ай.
Сұлулықты соншалық
Жаратушы Тәңір-ай!
Еріп қырдың мұз-қары,
Қыстың кеткен ызғары.
Қызыл-жасыл киінген
Ауылдың бар қыздары.
Ақ тілектер табысып,
Ақ білектер қабысып,
Бала біткен далада
Жүгіріп жүр жарысып.
Бұлақ сылдыр ағады,
Құрақ сыбдыр қағады.
Көбелектер көлбеңдеп,
Қырдан асып барады
Алма, өрік, алшасы –
Гүлін ашқан баршасы.
Кеуделерге қадалған
Қызғалдақтың қаншасы.
Түлеп тоты, тауысы,
Күйге толған тау іші.
Шатқалдарда шадыман
Бұлбұлдардың дауысы.
Тіріліп бар тіршілік,
Бүргендерге бүр шығып,
Еске алады өткенін
Кемпір-шалдар күрсініп.
Желпіп жұпар жел жібек,
Елдің бәрі кең жүрек.
Бір-біріне қарайды,
Мейірлене елжіреп.
Жанға жайлы жадырай,
Келді көктем мамыр ай.
Сұлулықты соншалық
Жаратушы Тәңір-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мамыр ай өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Мамыр ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мамыр ай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мамыр ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері