Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Көрпе

Бұл бетте «Көрпе» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1935
Бұл өмірдің көлемін
Шағын көрпе дер едім.
Тыным атпай тартқылап,
Жеткізе алмай келемін.
Басқа тартсам шамалы,
Тек кеудемді жабады.
Аяғымды қымтасам,
Басым ашық қалады.
Ойлауменен ертеңді,
Тұла бойым өртенді.
Таңдарымды атырдым,
Тартқылаумен көрпемді.
Үміт – көрпе несібем,
Тартынбаймын,
Шешінем.
Түбі бір кең көсілем,
Мәртебемді өсірем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көрпе өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Көрпе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көрпе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көрпе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері