Камелия
Бұл бетте «Камелия» атты Жангелді Немеребай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақ қардың арасында тауда көшкен,
Тап-таза шаң-тозаңнан аулақ өскен.
Камелия дейтұғын гүлді көріп,
Бір сәтке айырылып қалғам естен.
Көп гүлдер көркіне оның тең келмеген,
Керімсал неткен сұлу мен көрмеген?!
Сағағы самал желмен ырғалғанда,
Менің де жүрегімде тербелді өлең.
Арудай алатұғын күліп қарсы,
(Кейпіңнен кербезденген сыр ұқсамшы).
Көзіндей жәудір қыздың мөлдіреген,
Жапырақ жанарыңда тұнық тамшы.
О, Камелия! Жаралған ерек мөлдір,
Сезіміңмен жанымды қоректендір.
Жетер ме екен өзіңе, бекер ме әлде,
Саған дейін сан түрлі мен өпкен гүл?!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі