Бір бейне
Бұл бетте «Бір бейне» атты Жангелді Немеребай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жүректе бір сезім гүлдей ме?
Жанымды кернейді жыр кейде.
Әйтеуір күндіз де, түнде де,
Көзімнің алдында бір бейне.
Сол бейне ерекше мүсінді,
Ескексіз еселер күшімді.
Өзіне ынтызар еткізіп,
Ілгері жылжытқан ісімді.
Ол енді өлшеусіз көлемі,
Бақытқа жанымды бөледі.
Өлеңнің шыңына сол бейне,
Жалықпай жетелеп келеді.
Есімнен тандырған, сүйдірген,
Жүректі жандырған күйдірген.
Өмірдің ақ пенен қарасын,
Бір ғана тағдырдан түйдім мен.
Тәңірдің бір өзі танытқан,
(Өзімнен жоқ өзге жан ұққан)
Сол бейне жоғалса қайтемін,
Жаңылып қалам ғой бағыттан…
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі