Көзден мейір ақтарылып

Бұл бетте «Көзден мейір ақтарылып» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.07.2021
  • 0
  • 0
  • 603
Көзден мейір ақтарылып,
күй — тілден,
тартып бара жатты өзіне сыйқыр-дем,
күлкімді де,
мүлкімді де біржола
қидым саған
күні-түнгі ұйқыммен.
Артық көріп қызыл-жасыл бар гүлден,
өліп-талып,
өртендім де жандым мен,
басы қатты арғымақтай алқынып,
тамырымда тасып ақты қан бірден...
Көкіректе тасып ағып отты ағын,
білген жоқпын қайда барып тоқтарын,
көл-дария болды-кетті, не керек,
жаңағы бір жалғыз аяқ соқпағым.
Тыныс-тірлік үптелмей де бүктелмей
саған ғана тірелгендей, біткендей,
әннен басқа түк естімей құлағым,
екі көзім...
тәннен басқа түк көрмей;
есі кірген баладай-ақ енді-енді,
есеңгірей өмір кешкім келген-ді, —
қалай алшаң басқанымды сол күндер,
қанша байлық шашқанымды ел көрді...
Жатсам-тұрсам жамбасыма тас батып,
жазықсызға жаман ырым бастатып,
ойымда да,
бойымда да қалмаған
саған деген құмарлықтан басқа түк;
кез еді-ау бір —
жазбадым не,
жаздым не,
маскүнемдей басым қатқан бәз-бірде.
...Тәңірінің тағы ма еді ол сыйлаған,
бағы ма еді
бере салған аз күнге?!
...Білмегем!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көзден мейір ақтарылып өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Көзден мейір ақтарылып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көзден мейір ақтарылып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көзден мейір ақтарылып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері