Жоқтау жыры – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Жоқтау жыры» атты Сәкен Иманасов жазған жоқтау өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.08.2022
  • 0
  • 0
  • 937
Алтынбек Сәрсенбайұлының қазасына

Жоғалтып тағы да бір ердің Ерін,
Елсізде еңірегім келді менің.
Екі рет тумайды деп ондай ұлан,
Елімді енді қалай сендіремін?!
Көзім де көрмейтінін көрді менің,
Көруге көпті қалай көндіремін?
Қайран да қапы кеткен қарағым-ай,
Еліңнің есі едің-ау, ерлігі едің!..
Не дедің?
Не деп кеттің, кеш тұнығы-ау,
Құлағым естіместі естідің-ау!.
Бастайтын кім бар енді
Орта жолда
Жүгі ауып қала берген көшті мынау?!
Жазықсыз жасағанға көп қарайлап,
Боз дала бозұланын жоқтар айлап.
Өлімге қимайтын-ақ қарағымды
Кім екен бере салған оққа байлап?!
Таптатып табанына намысыңды,
Қаншама боздақ ұлдың сағы сынды.
Боғына татымайтын қарақшының
Оғына қиды екен кім арысымды?!
Қайран да...
Қайран ғана...
Қайран ғана-ау,
Шешілмей тым құрыса майданда дау,
Қайдағы қаңғып жүрген қараниет,
Қайтейін, төбемізде тайраңдады-ау!
Соңында сығалаған құсым барып,
Сездің бе, сезбедің бе?
Бұрылмадың.
Қолымнан түк келмейді-ау, қайран жұртым,
Қаншама қайнағанмен зығырданым!
Көре алмай қызығыңды кемді күнгі,
Сынай ма елдігіңді, ерлігіңді,
Білмейсің сыры мәлім сұмырайдың,
Атқалы тұрғанын да... енді кімді?!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жоқтау жыры өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Жоқтау жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жоқтау жыры өлеңі не туралы?

Бұл шығарма жоқтау өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жоқтау жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері