Тойыңыз тойға ұлассын – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Тойыңыз тойға ұлассын» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1884
Жүрек шын қуанғанын жасыра ма!
Қуанса, жыр толғамай басыла ма!
Қуанам мерейтойың тойға ұлассын,
Әбу Әл Атырауын асыл аға!
Толқынмен жасыңнан-ақ, етене едің,
Жалында ойнап өскен тете едің.
Тарту ғып жүрек сыйын аймағыңа
«Еділдің ақ толқынын» жетеледің.
Ақ тілеу жалғастырған алда үмітпен,
Жұртыңа жеңіс күнін арнай күткен
Алауын махаббат сыз окоптан
Ұшырдың ілестіріп «Ақша бұлтпен».
Халқыңның тауқыметін бөліспеген
Кезің жоқ,
Қан майданнан жеңіспенен
Оралдың, ел мерейін өсірдің сен,
Жаңалап туа берді келісті өлең.
Не дейін еңбектерің тізіп-теріп,
Халқына жан қуатыңды үзіп беріп
Келесің бірге жылап, бірге күліп,
Тұсарман таяса да күзің келіп.
Болсын да бар арманың ғасыл аға,
Жетіңіз Жамбыл ата жасына да.
Бар биік басын исін тілектеспіз
Әбу Әл Атырауын, асыл аға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тойыңыз тойға ұлассын өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Тойыңыз тойға ұлассын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тойыңыз тойға ұлассын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тойыңыз тойға ұлассын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері