Қызылқұм
Бұл бетте «Қызылқұм» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Орта Азия көгінде
Оттай ыстық қызу күн.
Түрікпеннің жерінде
Жатыр жалпақ Қызылқұм.
Жауырынын күн қақтап,
Қатып қалған қан-сөлі.
Сұра желден, ойнақтап
Көшірді екен қанша оны?
Адамдарды тас боран
Қаңбақ етіп үйірген.
Жонға көміп тастаған
Түйелерді жүгімен...
Елдің күші біріккен
Құмды жарып, қақ тілген.
Келеді жас түрікпен
Ақалтеке ат мінген.
Келеді алыс күнді ойлап,
Өзі ие өмірге ол.
Өз қолынан құм бойлап,
Кетіп жатыр темір жол.
1956
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі