Бақытты бол – Мұхтар Шаханов

Бұл бетте «Бақытты бол» атты Мұхтар Шаханов жазған бақыт туралы өлең берілген.

  • 27.03.2018
  • 0
  • 5
  • 22495
Әні Ә.Бейсеуовтікі

Өр көңілім саған қарай сүйреген,
Әнім едің шырқай салған кештерде.
Тұрып-тұрып қайтушы едім үйге мен,
Терезеден сенің шамың өшкенде.
Тіпті тура қарай ал май көзіңе,
Жолыққанда көңіліңнен шықпадым.
Сені баурап кете алмадым өзіме,
Содан болар, сен де мені ұқпадың.
Содан болар, бұрылып бір қарамай,
Кеттің ұшып, арман құсым аңсаған.
Көгершіннен қайырласқан баладай
Бақыт тілеп қала бердім мен саған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (5)

Жаңыл

Мұхтар атамыздың шығармалары өте керемет

Айгүл

Ұлы тұлға жүз жылда бір туар азамат өз өміріме үлгі болар жан

Есболат

Бала кезде апаларым осы әнді айтушы еді.Керемет.

Алма

Бүгін қайта оқып, тағы толқып қалдым. Мұхтар Шахановтың «Бақытты бол» өлеңінде махаббаттың қасіреті мен мейірімі қатар тұр. «Кеттің ұшып, арман құсым аңсаған...» деген жолдардан ғашықтықтың ауырлығы сезіледі, бірақ соңында бақыт тілеу – керемет адамгершілік. Қазақ поэзиясында осындай нәзік лирика аз емес, бірақ бұл өлең ерекше. Bilim-all-да осылай ән мәтінімен бірге жариялағаны қуантады, рахмет! Достарыңызға жіберіңіздер, жүректер жылысын.

Зере

Мұхтар шаханов тың өлен шығармалары керемет екен,жатқан жері жайлы болсын.

Осы автордың басқа өлеңдері