Жаңғырып құлағымда қай-қайдағы үн – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Жаңғырып құлағымда қай-қайдағы үн» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 687
Жаңғырып құлағымда қай-қайдағы үн,
келеді ара-тұра айғайлағым:
осылай өткені ме, деймін де, өмір,
шынымен кеткені ме жанбай бағым!
Домбырам күмбірлеп те, күмбірлемей,
өтуде бір күнім бай, бір күн кедей.
Алпыс жыл айттым елге айтарымды
несіне өмір сүріп жүрмін демей.
Тек қана елім дедім, жерім дедім,
еліре еңбек еттім, ерінбедім,
кеудемнен күніге бір ерлік ашам,
қайысып көрді қашан менің белім.
Өзімнің өрім дедім, төрім дедім,
ешкімнен жырақ кетіл, бөлінбедім.
Беделін бағаладым баланың да,
төбеме тік көтеріп көрінгенін.
Бар еді өнбей тұрған қай іс тағы, —
қабырғам қайсысына қайыспады?
Жағынып жағалыға,
омыртқамның,
оллаһи, есімде жоқ майысқаны.
Қуырым қуат қалмай білегімде,
үзіліп күдерім де, жүдедім бе, —
әйтеуір, қашан көрсем көпке сыйлы
үн есіп тұрар еді жүрегімде.
Бәріне жақсылардың жетер ме гүл,
еңсемді енді бір сәт көтер, көңіл, —
жанбай-ақ қойсын бағым, ойшылдарым,
сүрмесем болыпты да бекерге өмір!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңғырып құлағымда қай-қайдағы үн өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Жаңғырып құлағымда қай-қайдағы үн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңғырып құлағымда қай-қайдағы үн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаңғырып құлағымда қай-қайдағы үн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері