Түсінікті еді бізге гүл тілі

Бұл бетте «Түсінікті еді бізге гүл тілі» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Түсінікті еді бізге гүл тілі,
Бақытты едік... иә... білем... күлкілі.
Жүрегіме, тереземе буланған...
Суретіңді өрнектеймін бұл түні.
Кім түсінсін? Қуарсақ та, солсақ та,
Жылуы жоқ жарықтарға тоңсақ та.
Есіңде ме? Күлуші едік сол кезде,
Есіңде ме? Бақытты едік сол шақта.
Түсінікті еді бізге көктем де,
Құстар бізбен сырласатын көктен де.
Түсінікті еді бізге жапырақ,
Біздің тілді түсінбейтін көп пенде...
Күтетінбіз қайтқан құстар сапарын,
Кір шалмаған тұнық еді жан, арың...
Түсінікті еді маған кірпігің,
Түсінікті еді саған жанарым...
Солу, үсу... күздің де бұл жарлығы,
Қиын екен кең әлемнің тарлығы...
Қайың, емен, Ай да, Күн де, аспан да,
Түсінікті еді бізге барлығы...
Түсінбесең, Ай көзіне көп қара!
Ай нұрына оранады көк қала.
Түсініксіз емес еді ештеңе,
Түсініксіз өмір еді тек қана.
Киімімнің ішінде біреу егілді,
Көздеріңе түсірмеші кекілді!
Түсініксіз бұл өмірді жанарың,
Үнсіз ғана түсінгендей секілді...
(Түсінбедім мен әлі...)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түсінікті еді бізге гүл тілі өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Түсінікті еді бізге гүл тілі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түсінікті еді бізге гүл тілі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түсінікті еді бізге гүл тілі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері