Ғаламшар – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Ғаламшар» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мынау аспан, анау күн,
Кеңдігін-ай даланың.
Айналама сүйсініп,
Көзім тоймай қарадым.

Бұлттар көшер бауырлап,
Жұлдыз жанар жымыңдап,
Ғаламшардың қимылын,
Бақылаймын тұра қап.

Қызығамын бәріне,
Табиғаттың сәніне.
Бұл ғаламды ғажайып
Тани түсем әлі мен.

Әне, бақбақ, міне, гүл,
Күн жымиса күлетін.
Қарай-қарай жан-жаққа,
Өзімді де білемін.

Ұйқасатын өлеңдей,
Сүйем осы әлемді.
Құшағыңды, аш, ғаламшар,
Танысайық, кел, енді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғаламшар өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Ғаламшар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғаламшар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғаламшар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері