Бұл бетте «Бидай мен арпа» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қамбада Бидай тұрды,
Қоймаға симай тұрды.
Көп дәннің арасында
Күшіне қарасын ба?
Бір Арпа тұрып жатты,
Күпініп күлім қақты:
«Мен неткен асыл едім,
Бидайдан басым едім?
Керемет құрметті көр,
Айнала дүрмек түгел
Қамбада бір мен үшін,
Топырлап жүргені шын.
* * *
Ортадан озбағасын,
Кей надан өз бағасын
Осылай асырады,
Желпініп, басылады.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі