Жоқсың сен – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Жоқсың сен» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2241
Жоқсың сен
Алаңда, көшеде,
Жанымда жоқсың сен.
Бәлкім шын көксің сен.
Жолатпас шоқсың сен,
Бәріне тоқсың сен.
Бүгін де, кеше де.
Жанымда жоқсың сен.
Бұрынғы астана.
Сен сүйген бас қала.
Пәтерлер, баспана
Жоқ-жоқтар құтырды.
Ерте жер жастана,
Бір бақыт жасқана
Жұтынды.
Жоқсың сен,
Гүл құшқан бақтарда,
Жылу тұл шақтарда,
Тойы аз жақтарда
Жоғалдың?!
Ашусыз ақ қарға
Әділін ақтар да.
Оралғын.
Жоқсың сен,
Ажарсыз айнала,
Әуенсіз жайлана
Сұрық жоқ қайда да.
Көк күліп паңдана
Қайдасың?!
Мүлгиді маң дала,
Сыймайды сандала
Қай басы?!
Жоқсың сен,
Қыс қаһар төккенде,
Күз бен жаз, көктемде,
Мені жыр өпкенде,
Айналып өткенде,
Үмітім.
Кейімей сөккенге
Еш жерде жоқ пенде
Оралғын бүгін түн.
Жоқсың сен,
Алаңда, көшеде
Бүгін де, кеше де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жоқсың сен өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Жоқсың сен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жоқсың сен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жоқсың сен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері