Миллиардтан миллиардқа

Бұл бетте «Миллиардтан миллиардқа» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2348
Миллиардтық бірге ағып ағынымен,
Миллиардың шомылып жауынымен.
Жаңғырады кең дала, жаңғырады,
Миллиардтың нық басқан адымымен.
Дабыл қағып Кремль сағатымен,
Миллиардтың жарқырап жаңа атымен.
Қазақстан — мекені миллиардтың,
Ракетаның самғайды қанатымен.
Жұлдыздардың жаралған жарқылынан,
Күзгі ауада жүзеді шалқып ұран.
Миллиардпенен жыл сайын жүлдені алып
Қазақстан танбайды қарқынынан.
Миллиард жолы болған жоқ тегіс мүлде,
Жетті ерлер бусанып жеңіс күнге.
Толқиды алтын миллиард мұхиттарда,
Толқиды алтын миллиард жер үстінде.
Көтеріліп қолдардай дән сабағы,
Шат күлкідей шарықтап таң самалы:
«Қазақстан, миллиард, миллиард»,— деп,
Мұз балақтай саңқылдап жар салады.
Қара-суық, қар-боран қиын шақта,
Берік болып шықты ел биік антқа.
Қыран дала дүниені дүбірлетіп,
Миллиардтан самғайды миллиардқа!
* * *
Бақытым ба, сорым ба?
Ұшырастың сен келіп.
Басты тіктім жолыңа,
Көштім сеңдей сенделіп.
Алдың ұрлап күлкімді,
Бұздың түнде ұйқымды.
Түсімде де арбадың
Желдей желпіп сиқырлы.
Кететіндей жарылып,
Артық-артық сөйлесем,
Торсаңдамай тарылып,
Кешіре сал, кейде сен.
* * *
Тереңге де сүңгімей,
Биікке де шыға алмай,
Қыстан қалған сүңгідей,
Күзден қалған тұмандай.
Мұхитты жүрміз терең деп,
Тереңді көрмей ұйып тек.
Өзіміз жүріп төменде
Ойлаймыз көкті биік деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Миллиардтан миллиардқа өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Миллиардтан миллиардқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Миллиардтан миллиардқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Миллиардтан миллиардқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері