Бір адым жер

Бұл бетте «Бір адым жер» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2747
Бір адым жер ырыздық
Тисе тілі соқаның.
Бір адым жер – аспаның,
Бір адым жер – Отаның.
Тұрар шіркін тіршілік,
Кейде суда бір жұтым,
Кейде нанда бір түйір,
Жалт қараған бір көзде,
Жанды үйірген бір сөзде.
Құрбан болды қанша мың
Жалғыз адым жер үшін,
Жалғыз адым сол жерде
Жатты бүкіл жеңісім.
Жалғыз адым осы жер –
Байтақ Отан мен үшін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір адым жер өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Бір адым жер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір адым жер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір адым жер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері