Үміт – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Үміт» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 947
Үміт,
үміт, —
үзілмейтін сорлы үміт,
жалғадым ба
қалғаныңда болдырып, —
сарша тамыз ыстығына қарушы ең,
сақылдаған сары аязда тоңдырып...
Қалмай еріп жаяулыңнан,
аттыңнан,
қырды кездім қасіреттен қақ тұрған,
қасқалдақтың қанын іздеп қаңғырып,
сақилардың сарайынан таттым дәм.
Алысқа да, ғарышқа да жетелеп.
шөл де кеттім,
көлден өттім төтелеп,
күң еместің күркесіне түнеттің,
кеше ғана бөлек едік, бөтен ек.
Кезігер деп керемет бір кербез күн еріп едім,
еңіредім,
ел кездім,
көкіректің оты мүлде өшкендей,
сөзін айтып, көкідім бе, мен де ездің?!
Жаманға да,
Жақсыға да телідің,
бірін құшып,
біреуінен жерідім.
ұйықтан да,
тұйықтан да талай бір
алып шықты саған деген сенімім.
Жоққа бола делебемді қоздырып,
икемдедің,
жүйкем менің тозды, үміт!
Біржолата жат етпедің бақытқа, қ
қайғыдан да әкетпедің оздырып.
Басқа түскен қайғы-мұңға беріліп,
отырған да жоқ едім ғой ерігіп,
баяғыдай бұрқырайын тағы да,
ұмтылайын,
қолыңды бер,
кел, үміт!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үміт өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Үміт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үміт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үміт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері