Пәктіктің танып білмей биіктігін – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Пәктіктің танып білмей биіктігін» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.03.2021
  • 0
  • 0
  • 638
Пәктіктің танып білмей биіктігін,
Дүміне табынады иықтының.
Жіберер арсыздыққа айырбастап,
Құшағын оттай болған сүйктінің.
Ермек қып арзан атақ, ыржалақты,
Қолымен «Қуыршақты» мылжалатты.
Шығарып шың басына жыртқыштығын,
Шыңырауға кісілігін сырғанатты.
Мінеки, бүгінгінің адамдары,
Нәпсінің билігі үстем даламдағы.
Былғаныш сірә осындай болды ма екен,
Жер шары тұрақ болып жаралғалы?!
Барамыз зырлап жер мен күнді айналып,
Ұшып жүр күн шарымыз кімді айналып?
Есепсіз құбылыстың барлығы да,
Алланың әмірімен тұр байланып!
Алланың, адам білмей биіктігін,
Келтірмей кәлимаға ұйып тілін,
Ібіліс балапандар өргізгендей,
Ластығын жер бетіне жиып бүгін.
Мен жердің бөлшегімін әуел бастан,
Аллаға күллі ғалам, тәуелді аспан.
Аттаған әр қадамым қисық па деп,
Именіп қаһарынан зәрем қашқан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пәктіктің танып білмей биіктігін өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Пәктіктің танып білмей биіктігін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пәктіктің танып білмей биіктігін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пәктіктің танып білмей биіктігін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері