Жапырағы селдіреп баяғыда-ақ – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Жапырағы селдіреп баяғыда-ақ» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 738
Жапырағы селдіреп баяғыда-ақ,
салқын тартып барады саялы бақ.
Қай жағыңа қарманып,
қарасаң да,
қарашаң да қалыпты-ау таянып-ақ...
Қай жағыңа қарманып қарамашы,
қызықтыра қоймайды тал арасы,
Төңірегің түп-түгел тозғындала,
бозғылдана бастаған бар ағашы.
Бойжеткеннің біреуін танымаппын,
біздер үшін кеткен бе сәні бақтың,
болып еді күндізі бұлыңғырлау,
келе жатты жұлдызы жамырап түн.
Жүгіріс те,
жүріс те саябырлап,
көншітпейді көңілді баяғы ырғақ.
Өгейсірей бастаған сезімді де,
өзімді де,
сені де аядым, бақ!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жапырағы селдіреп баяғыда-ақ өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Жапырағы селдіреп баяғыда-ақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жапырағы селдіреп баяғыда-ақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жапырағы селдіреп баяғыда-ақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері