Көбейіп көлеңкелер – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Көбейіп көлеңкелер» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 600
Көбейіп көлеңкелер,
күн суырда
Тағдырым айналды ма қырсығуға,—
тағы да жолықсам ба дейді көңіл,
өрімдей,
өліп-өшкен бір сұлуға!
Қыртиып қатарласым,
қаруласым,
бұл күнде жанудан да
налу басым,
ауызға осындайда үріп салар,
дүние-ай, жолықтырсаң аруға шын!
Сол болып еркелетер елігім де,
жөнелсе сүйреп алыс сері күнге,
көркіне табындырып,
қағындырып,
есімнен жаңылдырып мені мүлде!
Қарамай қақпайлаған жеңгелерге,
үздігіп күндіз-түні мен дегенде,
шығарда жаны бірге тұрса дәйім,
нем қалды сонда менің өлмегенде!
Барлығын сылтауымның себепті етіп,
мені де күндіз-түні дедектетіп,
жол тосып,
тұрса шіркін,
дірдек қағып,
биге де құрбысынан бөлек кетіп!
Ендігі өзі болып бір сенерім,
жайымды түсіне де білсе дедім.
(Осындай қас сұлуды құшып едім!)
түнімен түсіме еніп жүрсе менің!
Беріліп қайдағы жоқ құса-мұңға,
еркімді орынсыз-ақ тұсадым ба,—
мен тегі қарақшының пышағы емес,
өлермін қаса сұлу құшағында!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көбейіп көлеңкелер өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Көбейіп көлеңкелер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көбейіп көлеңкелер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көбейіп көлеңкелер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері