Тамаша

Бұл бетте «Тамаша» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2012
Әнін жазған Нұрлан Байгөзов

Ей, халайық, халайық,
Тамаша әнге салайық.
Ашық аспан аясында,
Қанатты бірге қағайық.
Ойын, той, десе тамаша
Қуанар қазақ балаша.
Көңілге қуат дем берер,
Әзіл мен күлкі жараса.

Қайырмасы:
Ей, үлкен-кіші, жасымыз,
Ей, қосылыпты басымыз.
Басталады Тамаша,
Жастар әні – Тамаша.
Достар әні – Тамаша,
Асқақ әні – Тамаша.
Тәтті үніміз – Тамаша,
Ақ гүліміз –Тамаша.
Пәктігіміз – Тамаша,
Шаттығымыз – Тамаша.

Біреуің келдің қаладан,
Біреуің келдің даладан.
Тамашамен марқаяды
Осында келген әр адам.
Қазақтың жаны – тамаша,
Қазақтың әні – тамаша.
Тарқамайды тойымыз,
Қазақтың сәні жаңаша.

Тағы да тағы тосамыз,
Тағы да басты қосамыз.
Тамашасыз өмір сүру,
Мәнсіз де дәмсіз бос аңыз.
Тамаша – біздің таңымыз,
Тамаша – біздің бағымыз.
Тасқынды судай тынбайды
Тамаша – сұлу әніміз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тамаша өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тамаша өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тамаша өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тамаша өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері