Бақтыбай – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Бақтыбай» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.06.2021
  • 0
  • 0
  • 671
Жеткен соң үнің көкке,
жырың көпке,
атағың шығыпты ғой дүрілдеп те,
көздерін бақырайтып хан-төренің,
жүріпсің батыра айтып мінін бетке.
Белгілеп биігіңді өзің ұшпақ,
болдың ба айналаңмен тез ұғыспақ,
Ішінен жалпақ жатқан жалайырдың
шығыпсың иісі қазақ сөзін ұстап.
Өрді айтып,
өрлеп шығар өндірді айтып,
өтіпсің өзің барар жерді ұлғайтып,
Араға 165 жылды салып,
еліңе
Бақтыбай боп келдің қайтып.
Құлашын қиындыққа талай ұрған,
жақсы мен жаманды да дәл айырған,
жұртым деп туа қалған шайыр ең сен
атағың алыс кеткен жалайырдан.
Әруақты,
ақындықты сөз еткенде,
бермеген дүлдүл едің кезекті елге,
тең ұстап терезеңді тілдескен ең
қан тамған қылышынан Тезекпен де.
Көрсете алдым ба,
жоқ,
қатты қайрат,
қаншама ой біздің іште жатты қайнап. 
Жау көрсем —
"Қабанбайлап!" — шабамын да
дау көрсем —
кіріп кетем:
"Бақтыбайлап!"
Білдің бе,
білмедің бе басқа тілді,
соны ойлап ғалым ұлың бас қатырды.
Өзіңді,
сөзіңді де өлтірмеуге
жатырмыз қашап жазып тасқа атыңды!

2000 жыл
Бақтыбай ауылы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бақтыбай өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Бақтыбай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бақтыбай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бақтыбай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері