Еңсем түгілі, етегімді елге бастырмай – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Еңсем түгілі, етегімді елге бастырмай» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 704
Еңсем түгілі, етегімді елге бастырмай,
Өзім бар жерде өзгенің жағын аштырмай,
Пендені бетіме қаратып көрген жоқ ем мен,
Бес төбет келіп беттей алмайтын қасқырдай.
Патшаның қызы батып кіре алмас қойынға,
Бес жігітіңнің буы бар еді-ау бойымда,
Алаш ұлына асыртпап едім бастан сөз,
Тығыла күліп.., жығыла жүріп сойылға.
Қарасы түгілі, ханның алдында кішірмей,
Қарныма бола кісіге күнімді түсірмей,
Қаһарым болса қайғыға қарсы салушы ем,
Қара бір тастан қашай да салған мүсіндей.
Қиянат көрсем — қарайып қайта қаныма,
Жексұрындарды жолата қоймай маңыма,
Жағымпаздардың (өліп кете ме өзеуреп),
(Тұра қашпадым).., құлақ аспадым зарына.
Жүрейін десем пенделіктен де алшақтау,
Иттері ырылдап, биттері жыбырлап... шаршатты-ау!
Ар сатпау еді Аллаға берген антым да,
Қиындап барады, қайтейін, бірақ жан сақтау!
Көптен-ақ көзге үйіріле қоймай жырдан шық,
Көлі құрғаған көңілдің өзі тұр қаңсып. ...
Қабамын дей ме — қаптап келеді көп төбет,
Тісін ақсита тап-тап береді... бір қаншық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еңсем түгілі, етегімді елге бастырмай өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Еңсем түгілі, етегімді елге бастырмай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еңсем түгілі, етегімді елге бастырмай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Еңсем түгілі, етегімді елге бастырмай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері