Қуанышбай Құрманғалиға – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Қуанышбай Құрманғалиға» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.06.2021
  • 0
  • 0
  • 515
Бақшасын басқалардың суарыспай,
бағың да жанбай жүр ме, Қуанышбай, –
біреулер анасының жатырынан
құдайдың кіндігінен туады ұстай!
Ол-ол ма,
арта келе «құны» тағы,
бір күні ол құдайын да ұмытады.
Қарама іріге де,
біріне де –
белгісіз
кім ұтылып,
кім ұтары.
Біреулер біреулерді сағалады,
біреулер сол ағасын жағалады.
Сабыр ет,
салқын сөзге құлақ түр де,
бағың да бір-ақ күнде жанады әлі.
Жігітке ат та керек, бақ та керек,
бәрі де айналып кеп бапта дер ек.
Табынып талапты ерге айналасы,
жағынып жатпайтын ба жат та кенет!
Арманның ақиығын аңсап таңда,
қашпадың қолға тиген мәнсаптан да,
қоясың ара-тұра өлең жазып,
кеңсенің көп қағазы шаршатқанда.
Таңырқап тағы бары, ән ұғары,
жанады, Қуанышбай, бағың әлі.
азайып бірте-бірте «жүндейтіндер»,
өзіңді күндейтіндер табылады.
Қазақы қара сөзге бергелі мән,
қалмады өзің жайлы елде күмән,
сыйлысың үлкенге де, кішіге де
әйтпесе өлең арнап мен неғылам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қуанышбай Құрманғалиға өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Қуанышбай Құрманғалиға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қуанышбай Құрманғалиға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қуанышбай Құрманғалиға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері