Жалықтырды бәрі де – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Жалықтырды бәрі де» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 896
Жалықтырды бәрі де,
барлығы да —
үмітімді ұзатып таң нұрына,
жауар бұлттай түнеріп,
түйілгенім,
күйінгенім замана тарлығына,
қарап тұрып,
қайдағы үнге еміне,
кейігенім —
құр өткен күндеріме,
болмашыға балаша алданғаным,
шамданғаным бір иттің үргеніне.
Кеміді де, деп, кейде отым менің,
Қайрай түсіп өзімді,
бекінгенім,
енді-енді мен емексіп,
өмір өтіп,
өткеніне өкпелеп,
өкінгенім.
Алдап қашып,
арманым жеткізбесе,
алабұртқан көңілім
көкті іздесе,
күйкі тірлік күніге өткел бермей,
от басынан әріге өткізбесе,
ағайынның өсегі, сүйрелеңі,
сыйғызбаса әліде үйге мені,
қиып түсер қылыштай тілімнің де,
білімнің де септігі тимегені,
арының да,
ашулы дарының да,
аяқ асты айналып, бәрі мұңға,
шиебөрі
шулаған
талап өңшең,
қала берсең баяғы қалыбыңда,
Қалмай үріп қайдағы қандендер!
шәуілдесе —
жан алып,
жан бергелі,
тұлпарымды тіршілік зорықтыра,
торықтыра бастаса әлден мені.
Қалмаған соң басқадай айла-амалым,
дүбіріне қосылып айналаның,
жүрегіңді жұмыспен жылытасың,
ұмытасың қаныңның қайнағанын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалықтырды бәрі де өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Жалықтырды бәрі де өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалықтырды бәрі де өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалықтырды бәрі де өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері