Бейтаныс – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Бейтаныс» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 758
Түлкідей қылаң етіп қына белден,
кім едің қыр астынан шыға келген,
жүрмін-ау қылығыңа күле де алмай,
жөніңді біле де алмай сұрап елден.
Әйтеуір, күндіз-түні алмай тыным,
қасымнан, қызық болды-ау, қалмайтының,
тұрасың желіккендей жетіп келіп,
тасты да еріткендей балдай тілің...
Біржола көңілімді бұрғандайсың,
қасымнан қайда жүрсем бір қалмайсың,
алсын деп пенделіктің арбап әні
мені де алдағалы тұрған қайсың?!
Ұйқымды ойда жоқта бұзып кіріп,
дүние шіркінге де қызықтырып,
күніге көз алдымнан өткізесің
бақ-дәулет, байлық —
бәрін тізіп тұрып.
Көзге ұрар көрінбейді белгілерің,
ендеше өзің айтшы,
сен кім едің?
Талайды тайдырып кеп тура жолдан,
түбіме жетпексің бе енді менің?
Қоя-ақ қой ондайыңды,
қой, қарағым,
бұ жолы бола қоймас ойлағаның,
өзі де одан әрі басындырмас
кеудемді күзеттіріп қойған арым.
Баз-базда торығамыз, зорығамыз,
біреулер етер, бәлкім, соны да аңыз.
Тірлікте алысармыз, жұлысармыз,
түспеуге тырысармыз торыңа біз!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бейтаныс өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Бейтаныс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бейтаныс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бейтаныс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері