Сездім де қабағында сызат барын

Бұл бетте «Сездім де қабағында сызат барын» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 634
Сездім де қабағында сызат барын,
арамыз ушығуын ұзатпадым.
Қарсы айтар жауабымды,
сауалымды
көңілдің түкпірінде тұзақтадым.
Болдық па,
болмадық па, сірә, ғашық,
алайық арамызды бір-ақ ашып,
Қырда өскен кеше ғана тең гүл едік,
қайтеміз енді келіп...
кінәласып.
Белгілі неге бірден түңілгенің,—
икемім аздау болып бүгін менің,
сен шығар төрің үшін,
орын үшін,
басқаны баса-көктеп жүгірмедім.
Байлыққа балап таза гүл иісін,
ұмтыла қоймадым ба "сыйың" үшін,
Көңілім сен дегенде шалқыр еді,
алтыннан артық еді жымиысың.
Сұрланып сәл-сәл ғана,
тына қалдың,
қамықпа,
мұндайға сан шындағанмын,—
Керегі маған адал көңілі еді
жалғанда жаным сүйген бір адамның!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сездім де қабағында сызат барын өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Сездім де қабағында сызат барын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сездім де қабағында сызат барын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сездім де қабағында сызат барын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері