Виолетта – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Виолетта» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 693
Мамырда,
Маңайында мия көпте
Жамырап гүл өседi қия бетке.
Сол гүлдi жалаңаяқ белден кешiп
Екеумiз беттесек-ау Қияметке,
Виолетта...
Ақ төсiн айдындайын дiрiлдеткен
Апырай, əуездi едi үнiң неткен?!
Исең-ау ақ жүзiңдi бермен қарай,
Сүйсем-ау шөпiлдетiп шырын беттен!
Жай алса жүрегiңнiң нақ төрiнен,
Кiм кiмге бұл жалғанда жат көрiнген.
Кетсем-ау шоққа айналып құшағыңда,
Өпсем-ау оттай жанып тəттi ерiннен!
Ынтызар ықыласыма ыңғай берген
Сыныңнан айналдым-ау сымдай керген!
Құшсам-ау жұмарланып құс төсекте,
Қыссам-ау құмар қанып қылдай белден!
Перiге ғашық болған Серiдейiн*
Ериiн,
Елжiрейiн,
Емiнейiн...
Өзiңмен Қияметке ұзар болсам,
Қайтудың қажетi не керi кейiн?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Виолетта өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Виолетта өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Виолетта өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Виолетта өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері