Саясатсымақтарға – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Саясатсымақтарға» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 637
Бұра тартып,
Бұлдаған бірдемесін
Кісімсінген немелер кімді елесін.
Саясаттың сары езу сабаздары,
Бір сөзіме тати ма күллі егесің?!
Тікенектей қылтиған тірі Елесім,
Сонша неге шалқайып, шіренесің?
Білмейсің-ау, білмейсің,
Тəж бен тақтың
Алла сыйы алдында түк емесін!
Сайлы сая,
Жайлы орын,
Жүйрік көлік..,
Құзырыңнан түспейсің құйрық көміп.
Тас төбеңнен, қайтесің, тау құласа
Жаратқаннан бір күні бұйрық келіп?
Айтөбелім,
Болмаса Бəйтерегім,
Қабағына қараймын қай «төренің»?
Осы отырған бойыңда ұрмай-соқпай
Қағып алсам жыныңды, қайтер едің?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Саясатсымақтарға өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Саясатсымақтарға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Саясатсымақтарға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Саясатсымақтарға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері