Кейде менің кеудемде жын ойнайды – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Кейде менің кеудемде жын ойнайды» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 684
Кейде менің кеудемде жын ойнайды,
Мені момын, жуас деп кім ойлайды?
Қарынбайдың қалтасын қағып-сілкіп,
Шыбыртқылап аламын Шығайбайды!
Кейде менің кеудемді жел кереді,
Жел кергенде жетім де ер келеді:
Қаратауды байлап ап қанжығаға,
Алатауды алдына өңгереді!
Кейде менің кеудемде сел жүреді,
Сел жүргені көзге үрей ендіреді:
Жұмақ жұртын жұқ көрмей жұмырына,
Тозақ отын топан су сөндіреді!
Кейде менің кеудемде мұң түнейді,
Қу тірлікті құлқынның құрты жейді.
Жағадан ап жарымес дүниені
Құрбан болған күндерім құн тілейді!
Кейде менің кеудемде...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кейде менің кеудемде жын ойнайды өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Кейде менің кеудемде жын ойнайды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кейде менің кеудемде жын ойнайды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кейде менің кеудемде жын ойнайды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері