Дискомфорт – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Дискомфорт» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 993
Көңілім алай-дүлей,
Ала-құла...
Ит құмар балтырыма, балағыма.
Қаңтарып қалың ойды отырғанда,
Қан ұйып қалмас па екен қаламыма?..
Күндердің бірі қаңтар,
Бірі шілде...
Төрт мезгіл төбелесіп жүр ішімде!
Қағілез бала кездер,
Қара көздер
Қағады есігімді түн ішінде...
Құдай-ау, не жетпейді?
Не жетпейді?
Қу жаным неге сонша безектейді?
Жаһанды жамбасына басып алған
Мына түн неге ғана тез өтпейді?
Сұрама сұрқай кешті күндіз менен,
Күн барда көріне ме жұлдыз деген?
Жасай бер жалған дүние,
Ақындарын
Жылатқан,
Жұбатпаған,
Күлгізбеген!!!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері