Ойқамау – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ойқамау» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 756
Жатсам ұйқым келмейді таң атқанша,
Таң шапағы тауға нұр таратқанша.
Қайдан көңіл көншісін,
Өткен күнмен
Өмірімнің кітабы парақталса...
Өмірімнің кітабы...
Сазды, мұңды
Жылатар да жұбатар базбіріңді.
Қай ұрпаққа үлгі етіп қалдырмақпын,
Бейнеті көп, зейнеті аз ғұмырды?
Өмірімнің кітабы – сырлы, мұңлы.
Түңілумен түгестім тірлігімді.
Халқым, сенің қайтейін көз жасыңды?
Алтын, сенің қайтейін сыңғырынды?!
Жатсам ұйқым келмейді таң атқанша,
Таң шапағы тауға нұр жалатқанша.
Рухымның көзімен, кəне, шіркін,
Қарап тұрсам жаһанға Жаратқанша!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері