Шенеунік
Бұл бетте «Шенеунік» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қарайсың сонша неге осқырынып,
Қонғандай қолтығыңа қос Құрылық?
Өзгені көзге ілмейтін,
Біз білмейтін
Бар ма еді болмысыңда басқа ірілік?
Қарайсың сонша неге осқырынып,
Қолтыққа қондырғандай қос Құрылық
Сенсіз де көншімей жүр көңіл шіркін,
Ішімде Көкжал өліп, Қасқыр ұлып!..
Қарайсың сонша неге осқырынып,
Қонғандай қолтығыңа қос Құрылық?
Ішімде бұғып жатқан қас дүлей бар,
Қайтесің қас дүлейге босқа ұрынып?!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі