Бұл бетте «Ұрпақ» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
22.07.2021
0
0
900
Бір ұлыңның болғаны –
Шығар-шықпас жаның.
Екі ұлыңның болғаны –
Жарқыраған шамың.
Үш ұлыңның болғаны –
Басыңдағы бағың.
Төрт ұлыңның болғаны –
Астыңдағы тағың.
Бес ұлыңның болғаны –
Асқар Алатауың.
Алты ұлыңның болғаны –
Баурайдағы бауың.
Ханым емей немене,
Соны тапқан жарың?!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі