Қараша – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қараша» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 891
Желігі – Жаз,
Елігі – Наз,
Дерті – Өлең,
Еркі, көркі елден ерек еркем ең...
Жас тамбасын кірпігімнен десем де,
Аспандасың,
Амал қанша,
Жер төмен.
Аспандасың...
Ақша бұлтта мекенің.
Аллаға аян жете алмасым, жетерім.
Желікпейді баяғыдай көңілім,
Жел үптейді желбегейдің етегін.
Алатаудың ұшарына сəлде орап,
Алматыда енді өспейді алма бақ.
Аспан мен жер ауырсынбай салмағын,
Қауырсындай қалықтайды қар-қонақ.
Алатаудың ұшар басы заңғар-ау,
Алма бағы Алматыға арман-ау...
Қауырсынның жалғыз талын қарманып
Қара жерге қайтсаң етті, қарғам-ау?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қараша өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қараша өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қараша өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қараша өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері