Жағасында желбiреген желегi – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жағасында желбiреген желегi» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 741
Жағасында желбiреген желегi
Көзiң сенiң мөлдiреген көл едi.
Қарашығы əлсiн-əлсiн дiрiлдеп,
Қайсыбiрде қараушы едi күлiмдеп.
Қайда сол бiр көзмоншақтай көл тұнық?
Əлде... менi алғанбысың өлтiрiп?
Сүмбiл кеште суда жүзген Ай қайда?
«Ай қайда?» деп бассам ба екен айғайға?
Құдайым-ау, құжынаған құс қайда?
Бiрi келiп, бiрi қонып...
ұшпай ма?
Қос өкпесiн жүгiретiн қолға алып
Көрiнбейдi желең көйлек жел нағып?
Шөпiлдетiп сүйген сұлу қайранды
Мақпал жұмсақ майда толқын қайда əлгi?
Желбесiкте тербегендей жер-көктi
Баяғыдай бiр қарасаң нең кеттi?
...Жағасында желбiреген желегi
Көзiң сенiң мөлдiреген көл едi.
Менi мүлдем алғанбысың өлтiрiп –
Қайда, қалқам, сол бiр мөлдiр көл тұнық?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жағасында желбiреген желегi өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жағасында желбiреген желегi өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жағасында желбiреген желегi өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жағасында желбiреген желегi өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері