Маза – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Маза» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 670
Ұрлықы ұйқы дəметіп ұрғашыдан,
Қызыл-жасыл гүл тердім қыр басынан.
Күн дидары көрінді жанарынан,
Ай сəулесі себілді сырғасынан.
Ойға түстік,
Саялы сайда жаттық.
Ойнап-күлдік,
Опалы ойға баттық...
Онсегіз мың ғаламды шарлап шығып,
Алпыс екі тамырды бойлап ақтық.
Көзімізге көрінбей қала, тіпті,
Балаусаға көмілдік бала түкті.
...Көзімізді ашқанда:
Аспан, жерде
Жұлдыз тарап,
Ай сөніп,
Таң атыпты...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Маза өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Маза өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Маза өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Маза өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері