Күрке – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Күрке» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 859
Бұл қоғамның қорқағы мен үркегі
Жан сауғалап жайлап алған күркені.
Қатын болып қаралайды бір-бірін,
Батыр болып көрінгенмен сырт өңі.
Жырақ қонып...
Жұмақ көріп күрке ішін,
Жарық күннен жасырады түр-түсін.
Арыстан деп алқалайды Қоянын,
Данышпан деп дəріптейді Түлкісін.
Қайтсін енді арыстаны жоқ болса?
Қайтсін енді данышпаны жоқ болса?
Күрке ішінде күңкілдейді кілең қырт,
Аслан жақта күн күркіреп, от жанса!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күрке өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Күрке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күрке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күрке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері