Махаббат па? – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Махаббат па?» атты Исраил Сапарбай жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 2492
Махаббат па?
Махаббат болған менде...
Мұқағали

Махаббат па?
Махаббат болған менде,
Аққуым қоғалы ну қонған көлге.
Қалайша аузым барып айта аламын,
Жоқ деуге,
Жан сезiмiн жалған деуге?
Мен оны қастерлегем, қадiрлегем,
Табынғам қатар қойып тəңiрменен.
Үңiлген жанарыма жан болса егер,
Ақ-адал махаббатын таныр менен.
Мен оны қадiрлегем, қастерлегем,
Жай бергем алтын сарай – жас кеудеден.
Кездерi болған оның, алып қашып,
Асаудай аласұрған, бас бермеген...
Мен оның уын iшкем,
Татқам балын.
Мұңайғам, қуанғанмын, шаттанғанмын...
Жар кешкем жалаң аяқ, жалын iшкем,
Елемей күз ызғарын, ақпан қарын.
Махаббат па?
Махаббат болады əлi!
Қалайша ол жүрегiмнен жоғалады? –
Алдымнан шығып тұрса көктем сайын,
Желбiреп Он сегiздiң орамалы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махаббат па? өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Махаббат па? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махаббат па? өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Махаббат па? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері