Мен сенi жақсы көрем шын жүректен – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Мен сенi жақсы көрем шын жүректен» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.06.2021
  • 0
  • 1
  • 2812
Мен сенi жақсы көрем шын жүректен,
Жаның – жаз,
жанарың – наз, нұрлы көктем.
Бар дейсiң не жазығы ол жазғанның
Өзiң деп дүрсiл қаққан, дiр-дiр еткен.
Кететiн сен дегенде елжiреп тым
Тiлеуi, көксеуi көп сол жүректiң:
Кiрейiн ақбоз үйге қол ұстасып,
Түрейiн шымылдығын жел-жiбектiң.
Көңiл бар тек өзiң деп өлiп-талған,
Көкейде – тəттi қиял, көрiктi арман.
Аумайсың аққуымнан, айналайын,
Адаспай айдынына келiп қонған.
Сезейiн тек өзiңмен ғұмыр мəнiн,
Тəттi уын тiршiлiктiң, шырын балын...
Өтейiн шырайыңа шаң жуытпай,
Кеудемнен шыққанынша шыбын жаным.


Пікірлер (1)

Ако

Мен сені жақсы көрем

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен сенi жақсы көрем шын жүректен өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Мен сенi жақсы көрем шын жүректен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен сенi жақсы көрем шын жүректен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен сенi жақсы көрем шын жүректен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері