Көше лайсаң – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Көше лайсаң» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2120
Көше лайсаң.
Көңілім де лайсаң.
Көрер едің
Менше бір сәт ұға алсаң.
Өлең болып
Ақ қағазға түседі,
Кеудемдегі ой
Оянады мұңайсам.
Мен қайтемін.
Бақтар қалған үндемей.
Ағаштар да
күзде жансыз сүлдедей.
Ойланамын
Осы бақта отырып,
Ортаямын
оралам деп күнге кей.
Жуып-шайып
Жатыр барлық кінәсін.
Аспанның да
Көңілі босап, жыласын.
Жүрегімде
Жердің жасыл реңі,
көзім жасы
Көктен медет сұрасын.
Жапырақтар
Жатыр әсем бүлініп,
Кетпейді оған
аяқтар да сүрініп.
Өмір деген
Жаз секілді қорғансыз,
Күндер легі
Бірі -үміт, бірі -ұмыт.
Сияқтымыз
Біз де бір-бір жапырақ.
Қуанамыз,
Қайғырамыз аһылап.
Адам ие
Күллі әлемге ақылмен,
Және ақылға
Қарсы тұрған ақымақ!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көше лайсаң өлеңінің авторы кім?

Айсұлу Рүстемова‎ — осы өлеңнің авторы.

Көше лайсаң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көше лайсаң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айсұлу Рүстемова‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көше лайсаң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері