Бұл бетте «Ақтолғай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бозбалада тағат жоқ қыз дегенде,
Таптырмайды қыз деген іздегенде.
Ақтолғай.
Біздің көңіл қашаннан өзіңде ғой,
Сіздің жүрек не дейді-ау біз дегенде.
Ақтолғай.
Барайын десем жер шалғай,
Бармайын десем болмайды-ай.
Адасамын, айнам-ау,
Ойларыма ормандай.
Өтті-кетті бір дәурен шегіншектеп,
Түн кешуге біз қалдық еріншектеп.
Ақтолғай.
Ерке едің еліктей, көркем едің,
Қалыпсың ғой бір үйге келіншек боп.
Ақтолғай.
Барайын десем жер шалғай,
Бармайын десем болмайды-ай.
Адасамын, айнам-ау,
Ойларыма ормандай.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі