Қан тамырларым

Бұл бетте «Қан тамырларым» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 924
Қан тамырларым — ширатқан кендiр жiптердей
бунайды келiп, шырмайды буып денемдi,
түсердей кесiп мың бөлiп
қаттырақ кысса сәл ендi.
Көзiмнiң алды түк көрмей
арадай гүлге шаншылған,
қаламды сығып, қағазға төнем
жүректен
сығымдап тартып өлеңдi.
Қан тамырларым — ширатқан кендiр жiптердей,
шiренiп тартып, шырмайды буып
денемдi.
Мың қамшыдай жосылтса келiп
ысқырып
суырылып шығар
кескектi бiр жыр ышқынып.
Қан тамырларым, қинаңдар менi,
азапта,
қинаңдар менi,
босатпа!
Жатқан соң босқа жайғасып
жүректiң бұлшық еттерiн
қалатын шығар май басып.
Ширатшы менi тау өзендерiндей,
жұдырықтай жиырылып жатқан
Махамбет өлеңдерiндей,
ширатшы менi
ток жүрiп жатқан сымдардай,
болмайды екен
семсердей қайта шыңдалмай.
Сөйлеймiн сонда тау өзендерiндей бұрқырап,
қалмаспын сонда пайдасын ойлап бас қамның.
Қан тамырларым,
түйiлген бұлттай өлеңнiң
бұлшық еттерiн тiлгiле, сiлкi, жұлқыла
найзағайларындай аспанның.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қан тамырларым өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қан тамырларым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қан тамырларым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қан тамырларым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері