Жанашырлар - жақсы аға, жайсаңдарым – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жанашырлар - жақсы аға, жайсаңдарым» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.10.2016
  • 0
  • 0
  • 11919
Жанашырлар - жақсы аға, жайсаңдарым,
Сендер барда асқақпын, қайсар жаным.
Арқа таңып сендерге, алдарыңда
ерке басып жүруге тайсалмадым.
Сендер барда - үкілеп мінгендеймін
жел ілеспес даланың ай саңлағын.
Сендер бар деп еркінсіп бұлаңдаймын,
жұрт шалқалап қарайтын шынардаймын.
Сендер бар деп жасқанбай Жер басамын,
жанарымнан көшеді тұман-қайғым.
Сендер теңіз шалқыған.
Шағаласын шарықтатпай көгінде тұрар ма айдын!
Сендерсіз бұл жалғанда
жоғалардай ізгілік, бүкіл мейірім,
Онда мен декөз түспес үтірдеймін.
Сендер айтқан жалғыз-ақ жақсы сөзден
жамау-жасқау көңілді бүтіндеймін.
Ал сендерден сол салқын қабақ көрсем,
Іштей налып, өзімді түтіп жеймін.
(Мен, әйтпесе, көк мылжың пенделердің
өсек-аяңдарына түкірмеймін).
Сендер барда
тілемеймін тағдырдың сыйын бөтен,
Көз тігемін сағымды қиырға кең.
Күншуақтың қадірі көлеңкеде
тоңбағанға әшейін бұйымға тең.
Пенделер бар күні үшін көлгірсіген,
ондайлардың достығы тиынға тең.
... Бұл өмірде жанашыр жақсыларсыз
жақсы болу адамға қиын да екен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанашырлар - жақсы аға, жайсаңдарым өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жанашырлар - жақсы аға, жайсаңдарым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жанашырлар - жақсы аға, жайсаңдарым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жанашырлар - жақсы аға, жайсаңдарым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері