Жастарға – Міржақып Дулатұлы

Бұл бетте «Жастарға» атты Міржақып Дулатұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.10.2016
  • 0
  • 8
  • 44987
Найзаменен түртсе де,
Жатырмын, қазақ, оянбай.
Мұнша қалың ұйқыны
Бердің бізге, ой, Алла-ай!

Бар ма екен біздей ғафыл жұрт,
Атырафқа көз салсақ.
Көзі іскенше ұйқыға
Келе жатқан тоя алмай?

Етемін үміт жастардан,
Жаңа гүл шашқан бақшадай.
Мұрадын оңай кім табар,
Жар салып жұртқа қақсамай?

Халыққа, жастар, басшы бол!
Қараңғыда жетектеп.
Терең судан өтер ме,
Мың қойды серке бастамай?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (8)

Каламкас

керемет жазылған

аяулым

Өте өте керемет

Ақбота

Не деген керемет өлең

Аяулым

өте керемет жазылған

Рахат

керемет жазылган

Аяна

Кушты ертең айтам

Алишер

Күшті өлең екен ертең мектепте айтамын

Жібек

Оян қазақ өлеңі ғой бұл

Осы автордың басқа өлеңдері