Аллаға арзу – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Аллаға арзу» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 644
Қайтсем екен?
Қайтсем екен, Аллам-ау?
Сенен өзге сенетін жан қалмады-ау...
Таңғы ырзығым,
Тарыдайын шашылған,
Тағдырыма бола алар ма талғажау?
Жан даусыма құлақ асар жан бар ма?
Жарық дүние, əлде, əншейін жалған ба?
Бар ғұмырым өтер ме екен арманда?
Жаңғырығым жетер ме екен заңғарға?..
Қайтсем екен?
Қайтсем екен, Жаратқан?
Алабөтен айрылдым ғой тағаттан.
Қайда қаңғып бара жатыр күндерім
Қасқырдайын тірсегінен қан аққан?
Жалын қайда?
Жарық қайда?
От қайда?
Аман болса, қайта айналып соқпай ма?
Есер ұрпақ есірікке елтіген
Ертең бізді жоқтай ма, əлде, соттай ма?
Дана қайда?
Дəріс қайда?
Дəн қайда?
Сана қайда?
Намыс қайда?
Нам қайда?
Заман мынау оңала ма, оңбай ма?
Ішкен уым тарап кетті-ау өнбойға...
Сан сауалдың жауабына жарамай
Шақшадай бас болып кетті-ау шарадай!
Атымтайдың тоны тозып, аты арып,
Қаптап кетті-ау Қарымбай мен Қарабай!
Өкініш пен мұң жайлаған жаһанды,
Қорқынышы тіл байлаған жапанды
Тастай қашып,
Тас түнектен табылып,
Əміріңді құп алсам ба қаһарлы?..
Сенен өзге сенетін жан қалмады-ау,
Қайтсем екен?
Қайтсем екен, Аллам-ау?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аллаға арзу өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Аллаға арзу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аллаға арзу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аллаға арзу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері